"Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 4-9
- Дата принятия
- 06.03.2008
- Показанная редакция
- 21.06.2012 · действующая AI38599_1.kaz
- Последнее изменение
- 21.06.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZI000060
- Идентификатор ЭКБ
- 38599
- Идентификатор редакции
- AI38599_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:53
0 "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін" бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен "Ветеринария туралы" Заңның 10 бабына енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі" қосымшаға сай бекітілсін.
2
2. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық мәслихаттың 7 мамыр 2007 жылғы N 34-2 "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың ережесін бекіту туралы" шешімі (тіркеу N 7-9-43 25 мамыр 2007 жыл "Қаратөбе өңірі" газетінің 15 маусым 2007 жылғы N 24 санында жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
3 3. Аудандық мәслихаттың 24 желтоқсан 2007 жылғы N 3-10 "Аудандық мәслихаттың 7 мамыр 2007 жылғы N 34-2 "Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі жойылды деп танылсын.
4 4. Қабылданған шешім ресми жария етілген күннен бастап күшіне енеді.
5 Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың ЕРЕЖЕСІ
Қаратөбе аудандық мәслихатының
6 наурыздағы 2008 жылғы
N 4-9 шешімімен бекітілген
қосымша
Қаратөбе ауданы аумағындағы иттерді
және мысықтарды күтіп ұстаудың
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ереже
Ереже 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" және 10 қаңтар 2006 жылғы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және 30 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сүйеніп жасалды.