Перейти к тексту документа

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 62 · принят 12.03.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 12.03.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-38666/?version=38666_346203.kaz
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Действует Постановление ·№ 62 ·12.03.2008

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗХалықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Действует Постановление ·№ 62 · принят 12.03.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
62
Дата принятия
12.03.2008
Показанная редакция
12.03.2008 · действующая 38666_346203.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.03.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08NO000078
Идентификатор ЭКБ
38666
Идентификатор редакции
38666_346203
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:52

0 Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабына және Меңдіқара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «2006-2008 жылдарға арналған Меңдіқара ауданның халқын жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасы туралы» шешіміне сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тізбеге сәйкес халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (қосымша).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдар басшыларына халықтың нысаналы топтарына қарайтын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін көздеуге және бұдан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен оқу орындарының түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.

3

3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 48 «Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-58, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2007 жылғы 22 наурызда № 13 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі

Әкімдіктің
2008 жылғы 12 наурыздағы
№ 63 қаулысына қосымша
Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі
Р/с №
Ұйымнын атауы
Тіркелген күні
1
Меңдіқара ауданы әкімдігінің «Меңдіқара ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көмек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2006 жылғы 26.01.
66-1937-03-МК
2
«Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2006 жылғы 30.03.
97-1937-03-МК
3
«Агрофирма «Боровское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2005 жылғы 21.01. 35-1937-03-ЖШС
4
«АПК Казагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2003 жылғы 01.08. 6967-1937-03-ЖШС
5
«ПК «Вита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2004 жылғы 12.12. 10-1937-03-ЖШС