Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 67
- Дата принятия
- 08.04.2008
- Показанная редакция
- 07.09.2009 · действующая 38974_216632.kaz
- Последнее изменение
- 07.09.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08DD000066
- Идентификатор ЭКБ
- 38974
- Идентификатор редакции
- 38974_216632
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:41
0 Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңның 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жансігүров поселкелік округінде ірі қара және ұсақ мал ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Жансігүров поселкелік округі бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тынышбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу ауданы әкімдігінің 2008
жылғы 08 сәуірдегі "Жансігүров
поселкелік округінде бруцеллез
ауруының шығуына байланысты
шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы" N 67 қаулысына
қосымша
Жансігүров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары.
Іс-шаралар аталуы
Орындалу мерзімі
Жауапты адамдар
Ұйымдық - шаруашылықтың шаралары
1
Поселкелік округте ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу, жануарлардың барлық түрін бірдейлендіруден өткізу
2008 жылдың қаңтар-шілде айларында
поселкелік округінің әкімі аппаратының мамандары, поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иесі (келісуімен)
2
Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау
2008 жылдың қараша айына дейін
поселкелік округінің әкімі
Арнайы ветеринариялық шаралар
1
Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы отардан аластау
Дереу
поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), поселкелік округінің әкімі, мал иесі (келісуімен)
2
Ауру шыққан ауладағы басқа малдардан екі қайтара 15-21 күн сайын қан алынып, 2 рет таза нәтиже шыққанша
Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде
поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)
3
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу
Тұрақты түрде
поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)
4
Ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз ауру ошағына сырттан мал алып келу немесе алып шығуға тыйым салынсын.
Аурудан сауықтырғанша
поселкелік округтің әкімі, поселкелік ветеринариялық инспекторы (келісуімен)
5
Ауру ошағы территориясынан мал азығын дайындауға, оны басқа жерге алып шығуға тыйым салынсын.
Аурудан сауықтырғанша
поселкелік округінің әкімі, поселкелік ветеринариялық инспекторы (келісуімен)
6
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)
7
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруынан сақтану шаралары жөнінде насихат жұмысын жүргізу
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)