Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасын бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасын бекіту туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 6-4
- Дата принятия
- 03.03.2008
- Показанная редакция
- 20.10.2008 · действующая AI38993_1.kaz
- Последнее изменение
- 20.10.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZF000063
- Идентификатор ЭКБ
- 38993
- Идентификатор редакции
- AI38993_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:55
0 Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесінің" 9 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. "Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасы" қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасы
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
N 6-4 шешіміне N 1 қосымша
Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
N 6-4 шешімімен бекітілген
Жәнібек ауданында мемлекеттік
тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын
жекешелендіру қағидасы
1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтардағы N 66 қаулысына сәйкес жасалған және мемлекеттік тұрғын үй қорының түрғын жайын жекешелендіру реттерін анықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын үй қорында қалған тұрғын жайларға (пәтерлерге, үйлерге) ғана таратлады.
2 2. Мемлекеттік тұрғын үй жайларын өтусіз меншігіне алу құқығы бекітілген Жәнібек ауданынын тұрғынына жататын азаматтар тобы:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
2 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек аламдарды қоспағанда);
3 3) иесіздендірілген аумақта Чернобыль атомдық электростанция апаттарын жоюға қатысқандар;
4
4) дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДЖСК) қортындысы бойынша Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын, басқада азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі жарылыстардың және радияциялық сәулелердің салдарынан денсаулығы нашарлаған азаматтар;
5 5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгелер.
3 3. Тұрғын жайды жекешелендіру ондағы тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келсімдері бойынша.
4 4. Жатақханадағы пәтердің және тұрғын үйдің бөлмелердің тозу құны баланстың құнынан асып кетсе, ондай жағдайда жаңа тұрғынға олар әншейін беріледі. Бұрын сатып алынған тұрғын бөлмелердінң қайта бағалауы жасалынбайды.
5 5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, онын ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта олардың арасында басқадай көрсетілмесе.
6
6. Осы Қағидада көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Занымен және Министірлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы" N 66 қаулысымен басшылық ету керек.