Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 67 · принят 14.03.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 14.02.2025
https://adilet.kz/ru/laws/doc-39263/?version=I39263_1.kaz
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 67 ·14.03.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 67 · принят 14.03.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
67
Дата принятия
14.03.2008
Показанная редакция
14.02.2025 · действующая I39263_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.02.2025
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08DC000045
Идентификатор ЭКБ
39263
Идентификатор редакции
I39263_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:52

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік, жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жүмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін "Текелі каласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне уәкілеттік берілсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "Әлеуметтік жұмыс орындарын

ұйымдастыру туралы" Текелі
қаласы әкімдігінің 2008 жылғы
14 наурыздағы N 67 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (бұдан - әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен камту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында жасалған.

1

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы Ереже өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және қаржыландырылуын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.

2 2. Осы Ережеде қолданылатын, негізгі түсініктемелер:

1 1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

2 2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;

3 3. Әлеуметтік жұмыс орны үш ай мерзіміне беріледі.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек туралы кодексі, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары өз күшін сақтайды.

2 2. Жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі

5 5. Әлеуметтік жүмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі өлшемдер бойынша іріктеледі:

1 1) әлеуметтік жұмыс - орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арналуы тиіс;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс;

3 3) жұмыс берушінің жартылай жұмыс күнін немесе ыңғайлы кесте бойынша жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.

4 4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органмен жұмыс түрі, көлемі, мөлшері және еңбекақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімі көрсетілген келісім шарт жасайды.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері

7 7. Еңбек туралы кодексінің негізінде жасалған ай сайынғы жеке еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты жүзеге асырылады.

8 8. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары қалалық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды бақылау

9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылау заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.