Перейти к тексту документа

Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Постановление · № 97 · принят 07.05.2008
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 17.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-39889/on/2026-08-17/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы Действует Постановление ·№ 97 ·07.05.2008
Редакция от 07.05.2008
Редакция, действовавшая на 17.08.2026: от 07.05.2008. Это последняя редакция в корпусе.

Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Действует Постановление ·№ 97 · по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Наименование (каз.)
Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
97
Дата принятия
07.05.2008
Показанная редакция
07.05.2008 · действующая AI39889_0.kaz
Последнее изменение
07.05.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08DN000058
Идентификатор ЭКБ
39889
Идентификатор редакции
AI39889_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:29

0 Карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы, 2-тармағы, 9)-тармақшасына сәйкес және бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 177 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұсақ мүйізді малдары арасынан сарып ауруы туындаған жағдайға байланысты төмендегі карантиндік аймақтарға ветеринариялық режим мен шектеу іс-шаралары енгізілсін:

1 1) Мұсабек ауылына (65 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 233 сараптамасы);

2 2) "Алрун" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан Сасық мал қыстауына (22 бас, 2008 жылдың 23 сәуірдегі N 231 сараптамасы).

2 2. Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Қабдолданов (келісім бойынша), Көксу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Е.Ешкенов (келісім бойынша) сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Бейсеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Көксу ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 7 мамырдағы
"Карантиндік аймақтарға
ветеринариялық режим мен
шектеу іс-шараларын енгізу
туралы" N 97 қаулысына
қосымша
Сарып ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с
Іс-шараның аталуы
Орындау мерзімі
Орындауға
жауаптылар
1. Ұйымдық-шаруашылықтық шаралары.
1
Ауылдық округтердегі
ауылшаруашылық
малдардың толық есебін
жүргізу.
Тұрақты түрде
Кенттік, ауылдық
округтерінің
әкімдері,
ветеринариялық
инспекторлары (келісім бойынша)
2
Арнайы мал соятын
орындар мен өлген
малдарды тастайтын
шұңқырды әрбір елді
мекенде жасау жұмысын
жалғастыру.
Жыл аяғына дейін
Кенттік, ауылдық
округтерінің
әкімдері,
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)
2. Арнайы ветеринариялық шаралар.
3
Сарып ауруына оң нәтиже
беріп тіркелген
малдарды тез арада
жалпы отардан аластау.
Сараптау актісін
алысымен
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)
4
Ауру болып тіркелген малдарды
ветеринариялық-
санитариялық талаптарға
сай есепке қойып, жою.
3 күн ішінде
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері (келісім бойынша)
5
Мал тұрған қоралар мен
ауланы қидан тазарту
және мал тұрған
орынды арнайы
дәрілермен
залалсыздандыру.
Тез арада, мал
жойылғаннан кейін
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)
6
Ауру шыққан ауладағы
қалған малдардан 15-20
күн сайын қан алынып,
2 қайтара таза шыққанша
сарып ауруына қарсы
тексеру.
Тұрақты түрде
Кенттік, ауылдық
округінің
ветеринариялық
инспекторлары,
лицензиялық мал
дәрігерлері
(келісім бойынша)
7
Ауру мал шыққан
ауладағы адамдарды
сарып ауруына қарсы
тексеру.
Мамыр
Аудандық
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармасы,
кенттік, ауылдық
округтерінің
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)
8
Аудан тұрғындары
арасында сарып ауруына
қарсы шаралар және
сақтану жөнінде
үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізу.
Тұрақты
Аудандық
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармасы,
кенттік, ауылдық
округтерінің
ветеринариялық
инспекторлары
(келісім бойынша)

Действующая