Қарашілік ауылында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
ҚАЗҚарашілік ауылында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қарашілік ауылында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Қарашілік ауылында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 126
- Дата принятия
- 23.05.2008
- Показанная редакция
- 07.09.2009 · действующая 39942_216647.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 07.09.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08DD000074
- Идентификатор ЭКБ
- 39942
- Идентификатор редакции
- 39942_216647
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:25
0 Қарашілік ауылында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңның 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарашілік ауылында ұсақ мал ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Қарашілік ауылы бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тынышбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 23 мамырдағы
N 126 қаулысымен бекітілген
қосымша
Қарашілік ауылында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары.
Іс-шаралар аталуы
Орындалу мерзімі
Жауапты адамдар
Ұйымдық-шаруашылықтың шаралары
1
Ауылдық округте ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу, жануарлардың барлық түрі бірдейлендіруден өткізу.
2008 жылдың қаңтар-шілде айларында
Ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иесі (келісуімен)
2
Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау
2008 жылдың қараша айына дейін
Ауылдық округінің әкімі
Арнайы ветеринариялық шаралар
1
Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы отардан аластау
Дереу
Ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иесі (келісуімен)
2
Ауру шыққан ауладағы басқа малдардан екі қайтара 15-21 күн сайын қан алынып, 2 рет таза нәтиже шыққанша
Ветеринариялық заңдылыққа сәйкес тұрақты түрде
Ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)
3
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу
Тұрақты түрде
Ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иесі (келісуімен), кәсіпкер мал иесі (келісуімен)
4
Ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз ауру ошағына сырттан мал алып келу немесе алып шығуға тыйым салынсын.
Аурудан сауықтырғанша
Ауылдық округінің әкімі, ауылдық ветеринариялық инспекторы (келісуімен)
5
Ауру ошағы территориясынан мал азығын дайындауға, оны басқа жерге алып шығуға тыйым салу.
Аурудан сауықтырғанша
Ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен)
6
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруын тексерілуін жүргізу
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)
7
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралары жөнінде насихат жұмысын жүргізу
Тұрақты түрде
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)