Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 88
- Дата принятия
- 20.05.2008
- Показанная редакция
- 20.05.2008 · действующая 40003_329761.kaz
- Последнее изменение
- 20.05.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZM000073
- Идентификатор ЭКБ
- 40003
- Идентификатор редакции
- 40003_329761
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:27
0 Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 заңдарын басшылыққа ала отырып, ауданда мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шыңғырлау ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Шыңғырлау ауданы көлемінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген мекеме, кәсіпорындардың тізімі (№1 қосымша).
3 3. Селолық округ әкімдері, Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тиісті мекеме, кәсіпорын басшыларымен бірлесе отырып осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Н.Османғалиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Шыңғырлау ауданы көлемінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген мекеме, кәсіпорындардың тізімі
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
20 мамырдағы № 88
қаулысына №1 қосымша
Шыңғырлау ауданы көлемінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген мекеме, кәсіпорындардың тізімі
№
Мекеменің атауы
Жұмыс орындар саны
1
Шыңғырлау аудандық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
1
2
Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі
1
3
№ 7 кәсіптік мектебі
1
4
Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі
4
Барлығы
7