Перейти к тексту документа

Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы

Положение · № 9-2 · принят 22.05.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 21.06.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-40212/?version=AI40212_1.kaz
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 9-2 ·22.05.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы

ҚАЗТеректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 9-2 · принят 22.05.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
9-2
Дата принятия
22.05.2008
Показанная редакция
21.06.2012 · действующая AI40212_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
21.06.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZL000061
Идентификатор ЭКБ
40212
Идентификатор редакции
AI40212_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:26

0 Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру,санитарлық тазарту,тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері

Мәслихаттың
2008 жылғы 22 мамырдағы
№ 9-2 шешімімен бекітілді
Теректі ауданының елді мекен аумақтарын
абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты
сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру Ережелері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әзірленді.
Ереже Теректі ауданының елді мекен аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау және жинастыру жұмыстары саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге қолданылады.

2 2. Ортақ қолданыстағы жерлерді тазарту және ұстау

2 2. Саябақтардың, демалыс аймақтарының, көпшілік ойын-сауық орындарының және басқа да ортақ қолданыстағы жерлердің аумақтары осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес күтіп ұсталуы тиіс.

3 3. Саябақтарда, базарларда,офистер мен сауда жайларының кіреберіс бөлігінде қоқыс салғыштар саны жеткілікті болуы тиіс.

Қоқыс салғыштардың тазалығына осы аумақты тазартуды жүзеге асыратын ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер жауапты.

4 4. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторлары және ауылдардың көркі болып табылады, елді-мекеннің бірыңғай жасыл қорын құрайды және қорғалуға тиіс.

5 5. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақтарында жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс соның ішінде:

1

1) толық агротехникалық шаралар жинағын жүргізіп тұру, атап айтқанда: суару, қию, қураған бұтақтарды кесу, апатқа шұраған және қураған ағаштарды жинау, ағаштың түбіріндегі балақ шыбықтарын кесу, тыңайтқыштарды салу, жас ағаштардың бағандарында шұқұр орналастыру, дезинфекциялау және жарақаттарды майлау, қуысын бітеу, сондай-ақ арам шөптерді жою үшін механикалық өңдеу (сора, шырмауық, жусан, ойраншөп, ж.б.);

2 2) өсімдіктерді қорғау станциялармен шарт бойынша немесе өз күшімен ауыл шаруашылық аурулары мен жауларына, тыйым салынған арамшөпке қарсы күресті жүйелі түрде өткізу;

3 3) жапырақ түскен мерзімде, түскен жапырақтарды уақытында жинау және арнайы бөлінген учаскеге немесе қордалау даласына шығарып тастау.

3 3. Иеліктегі үйлерді тазарту және күтіп ұстау

6 6. Канализациясыз үй аулалары және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын алаңдар мен халық демалатын орындардан кемінде 25 метрге аспайтын қашықтыта болу керек;

7 7. Орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайда аула әжетханалары құдықтардан 50 метрден кем емес қашықтықта болуы тиіс;

4 4. Инжинерлік құрылғылар мен коммуникацияларды ұстау және тазарту реті

8 8. Иелігінде жер асты желілері бар иегерлер, канализация, су құбыры, жаңбырға арналған және басқа да құдықтардың қақпақтарын жолдың төселімі деңгейінде болуын қадағалауға міндетті.

9 9. Жер үстіндегі және грунттардағы суларды ағызатын каналдарды, құбырлар мен дренаждарды, нөсерлік кәріздердің коллекторларын, жаңбырқабылдағыштар құдықтарын тазалау қажеттілігіне қарай жүргізіледі, қоқыс сол бойда алып кетіледі.

5 5. Осы Ереженің тыйым салынған іс әрекеттері

10 10. Елді мекендер аумақтарында:

1 1) көшелерде, тратуарларда, үйлерге іргелес жатқан аумақтарда қи, құрылыс қалдықтарын, темір, ағаштарды,суаттарды, жапырақтарды үюге;

2 2) көшелердің өтетін және адамдар жүретін бөлігіне,суаттарға, жағажай аумақтарына, құрылыстан бос аумақтарды және жасыл желек аумақтарын, сондай-ақ ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қандай –да болмасын қоқыстар түрлерін(темекенің қалдықтарын, шынылырды, қағаздарды), тұрмыс қалдықтарын лақтыруға;

3 3) өзендердің, сулардың санитарлық аумақтарында, колонкаларға, құдықтарға жақын жерлерде көлік құралдарын жууға;

4 4) көшелерде, саябақтарда, бақтарда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға;

5 5) ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкініс және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарын егуге;

6 6) сусымалы және сұйық жүктерді автомашиналарда, ақаулы астауларда, жабдықталмаған тіркеулерде бетін жаппай тасуға;

7 7) жерге байланысты жұмыстарды жүргізген кезде құрылғыларды (жол төселімдері, қоршау, құдық люктар, су ағатын торлар, жайма орларды, геодезиялық таңбалар, жасыл көшеттерді және т.б.) бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;

8 8) кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелерде, газондарда, тұрғын кварталдарында қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге тыйым салынады;

6 6. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

11 11. Жеке және заңды тұлғалар осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.