Перейти к тексту документа

Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы

Постановление · № 187 · принят 19.05.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 19.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-40334/on/2026-08-19/
Напечатано 2026-08-19 · adilet.kz
Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 187 ·19.05.2008
Редакция от 19.05.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 19.08.2026: от 19.05.2008. Это последняя редакция в корпусе.

Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 187 · по состоянию на 19.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
187
Дата принятия
19.05.2008
Показанная редакция
19.05.2008 · действующая 40334_320952.kaz
Последнее изменение
19.05.2008
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZG000066
Идентификатор ЭКБ
40334
Идентификатор редакции
40334_320952
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:27

0 Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарының негізінде Батыс Қазақстан облысының 2005 жылғы 3 мамырдағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» № 149 қаулысын орындау және аудан тұрғындарының нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Құлжановаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ҚАҒИДАСЫ

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
17 мамыр №187 қаулысымен
бекітілген
Аудан тұрғындарының нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншік түрін қарамастан) жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

2 2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және мақтандыру туралы заң актілері қолданылады.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жұмыссыздарға жолдама беруді жүзеге сырады.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мен ұйымдастыру тәртібі

4 4. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын жергілікті бюджет қаражат есебінен жұмысқа қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу шарты негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе ашады.

5 5. Әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдарды іріктеу, тізбесін анықтау мен әлеуметтік, жұмыс орындарының санын, мерзімі және қаржыландыру шартын ауыл әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп айқындайды.

6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына олардың келісімімен жібереді.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың тәртібі мен көздері

7 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жергілікті бюджеттін қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаттары болып табылады.

8 8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшылардың еңбекақысын төлеудің бір бөлігін өтеуге келісім шарт жасайды.

9 9. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбегін төлеу шығындары жергілікті бюджет қаражатынан бекітілген еңбекақының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі, бірақ Республика бойынша бекітілген ең төменгі еңбекақыдан кем болмауы керек.

10 10. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшыларға еңбекақының бір бөлігін төлеу жұмыс берушінің есеп айырысу шотына бюджет қаражатынан аударылады.

11 11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу, жұмыс берушілермен жеке келісім шарт жағдайында және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне сәйкес ай сайын жүзеге асырылады.

12 12. Жұмыс берушілер еңбекақы төлеу шығынын өтеу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне оған белгіленген айлығы көрсетілген жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзім ішінде, ай сайынғы жұмыс күнін есепке алатын тізімдікпен жолдайды.

13 13. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақысын төлеу нақты орындаған жұмыс көлеміне немесе нақты жұмыс істеген уақытына қарап беріледі.

14 14. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға төленген табысынан заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.

15 15. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмысшы мен жасасқан жеке еңбек шарты мерзімнен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлады және үш күн мерзім ішінде жұмыстан шығару туралы бұйрық көшірмесін жолдайды.

16 16. Мекеменің есеп айырысу шотына түскен жұмыссыздардың еңбекақысының бір бөлігін төлеу үшін белгіленген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, оған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауап береді.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау

17 17. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа ораналастыру мен қаржыландырудың Қағидасын бақылауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

Действующая