Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 7/45
- Дата принятия
- 23.05.2008
- Показанная редакция
- 02.07.2012 · действующая AI40508_0.kaz
- Последнее изменение
- 02.07.2012
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08MF000059
- Идентификатор ЭКБ
- 40508
- Идентификатор редакции
- AI40508_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:25
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Азаматтардың жекелеген санаттарына:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне
мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға
жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үйді ұстауға және пайданылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) көрсетілсін.
2 2. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Аудан әкімі азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмектің уақытылы тағайындалуы мен төленуіне тиісті шаралар алсын.
4 4. Түпқараған аудандық мәслихатының 2006 жылғы 11 тамыздағы № 27/174 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы» шешімінің күші жойылсын.
5 Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы
23 мамырдағы № 7/45 шешіміне
№ 1 қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге
әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.
3 3. Тұрғын үй көмегі Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.
4 4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.
Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар: