Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 275
- Дата принятия
- 11.06.2008
- Показанная редакция
- 11.06.2008 · действующая 41048_317044.kaz
- Последнее изменение
- 11.06.2008
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08MF000062
- Идентификатор ЭКБ
- 41048
- Идентификатор редакции
- 41048_317044
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:19
0 Аз қамтылған және аса мұқтаж
азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек көрсету
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бір жолғы материалдық көмек (бұдан әрі-көмек):
аз қамтылған отбасыларға;
тұрақты мекен етуге көшіп келген оралмандарға алғашқы жылдары жағдайын түзету үшін;
тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын санатындағы азаматтарға;
аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне көрсетіледі.
2
2. Көмек табыс мөлшеріне қарамастан азаматтардың өтініші бойынша ауыр материалдық, моральдық зардаптарға соқтырған өмірдің қиын кезеңдерінде: отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, облыстан тыс жерде емделуге материалдық жағдайы келмесе, отбасына материалдық залал келтірген өрт болған жағдайда және басқа да қайғылы оқиғалар болғанда және аз қамтылған азаматтарға жылына бір рет беріледі. Ерекше жағдайларда қайта тағайындалады, алайда жылына екі реттен артық болмауы тиіс.
3 3. Көмек тағайындау бойынша Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады. (бұдан әрі-уәкілетті орган).
4
4. Аз қамтылған отбасыларға, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуға жататын қатарларына, аса мұқтаж денсаулық сақтау, білім беру және спор, халықты әлеуметттік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне көмек алуы үшін аудан әкімінің немесе оның орынбасарының атына өтініш және қосымшаға сәйкес құжаттарын тапсыруы қажет.
5 5. Көмек алушылар тапсырылған құжаттардың, мәліметтердің дұрыстылығына жауапкершілік тартады.
6 6. Уәкілетті орган қызметкерлері өтініш берушінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, көмек тағайындауға негіз болған деректі оқиғаға тексеру жүргізеді. Көмек тағайындау кезінде отбасы құрамында оның кәмелетке толмаған балалары, көмек алушыдан басқа асыраушының жоқтығы ескеріледі.
7 7. Көмек төлеуге шешім қабылданғаннан кейін, тізім жасақталады және алушының мекен жайы бойынша есеп шотына аударылады.
8 8. Уәкілетті орган тағайындалған көмектің уақытылы аударылуына жауаптылық тартады.
9 9. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
С.Қани _____
Аудандық экономикалық және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл.
Шүкірбаева Д.С ________
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл.
11 Түпқараған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 11.06.
№ 275 қаулысына қосымша
Бір жолғы материалдық көмек алуына құжаттар тізбесі