Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗАз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Утратил силу
Иной акт
·№ 62
·
принят 12.08.2008
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 62
- Дата принятия
- 12.08.2008
- Показанная редакция
- 28.07.2011 · действующая AI41271_3.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 28.07.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08CB000060
- Идентификатор ЭКБ
- 41271
- Идентификатор редакции
- AI41271_3
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 12:59
0 Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы Ақтөбе облысы бойынша белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларына 1 (бір) айлық есептік көрсеткіші 2009 жылдан бастап 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
3 3. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай нысанда көрсетілсін.
4 4. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (С.Жакупов) аз қамтылған отбасылары мен қоса төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету үшін қаржы көзін табу тапсырылсын.
5 5. Аудандық қаржы бөлімі (А.Сапаров) әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т.Шүйіншин) аз қамтылған отбасыларына тоқсан сайын төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек тағайындауды және ай сайын төлеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі тексеру комиссиясына (З.Қасымқұлова) жүктелсін
8 8. Осы шешім Әйтеке би ауданы Әділет басқармасының реестрімен бекітіліп, ресми газетке жарияланғаннан соң 10 күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
М.ЕРМАҒАМБЕТҰЛЫ А.ЕРМАҒАМБЕТ