Перейти к тексту документа

Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Иной акт · № 7-8 · принят 14.08.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 19.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-41396/on/2026-08-19/
Напечатано 2026-08-19 · adilet.kz
Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Иной акт ·№ 7-8 ·14.08.2008
Редакция от 29.01.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 19.08.2026: от 29.01.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 7-8 · по состоянию на 19.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
7-8
Дата принятия
14.08.2008
Показанная редакция
29.01.2010 · действующая AI41396_3.kaz
Последнее изменение
29.01.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZC000061
Идентификатор ЭКБ
41396
Идентификатор редакции
AI41396_3
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:58

0 Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Аудан әкімдігінің ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқармасы туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ауданның азаматтарының келесi санаттарына ай сайын берiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерi белгiленсiн:

1 1) азық-түлiк тауарларының қымбаттауына байланысты 1,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде күн көрiс деңгейiнен төмен тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтарға;

2 2) жергiлiктi маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

3 3) Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың және мүгедектердің тұрмыстық қажеттілігіне 2 000 теңге;

4 4) Ауғанстандағы әскери әрекеттерді қамтамасыз етудегі бұрынғы Совет Одағының орденімен марапатталған әскери жауынгерлерге;

5 5) бейбітшілік кезінде әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, 1 000 теңге мөлшерінде;

6 6) әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7 7) азық түліктің қымбаттауына байланысты, 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алатын әрбір балаға азық-түлік себетінің деңгейі төмен тұратын отбасыларына (атаулы әлеуметтік көмек алушылардан басқа).

2 2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек Бөрлі ауданының мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның (әрі қарай комиссия) шешімі негізінде төмендегі түрде беріледі:

1 1) шұғыл әлеуметтік қолдауда төлем (емделу, тұрмыстық қажеттіліктер, отбасының бір мүшесінің өлімі, онкологиялық және туберкулездік ауруларды емдеу және басқа да қиын жағдайларда) комиссия белгілеген мөлшерде жылына екі реттен артық емес;

2 2) біржолғы отын алу әлеуметтік көмегі аз қамтылған отбасыларға, орташа жан табысы күнкөріс деңгейінен төмен және жалғыз басты ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мұғалімдерге, медицина және ауданның ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік қызметкерлерге 7 000 теңге көлемінде беріледі;

3 3) мерекелер мен айрықша күндерде берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек келесі азаматтардың жекелеген санаттарына комиссия белгілеген мөлшерінде төленеді:

Халықаралық әйелдер күні 8 наурызда көп балалы аналарға, кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп балалыларға, үйден әлеуметтік қызметті қажет ететін жалғыз басты зейнеткерлерге 1 000 теңге көлемінде;
Жеңіс күнінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 30 000 теңге, совет армияның мүгедектеріне - 3 000 теңге, ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 2 000 теңге, ҰОС кезінде фашистік лагерлерде тұтқында болған кәмелетке толмағандарға – 2 000 теңге, Совет Армиясының ерікті құрамында болғандарға – 1 000 теңге, тыл еңбеккерлеріне – 1 000 теңге, ЧАЭС - 2 000 теңге, қайтыс болған ҰОС жауынгерлер жесірлеріне – 1 000 теңге, бейбітшілік кезде қайтқан жауынгерлер жесірлеріне – 2 000 теңге, интернационалист жауынгерлерге - 2 000 теңге;
саяси репрессияға ұшырағандарды еске алу күніне ақталған азаматтарға - 2 000 теңге;
балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 1 000 теңге;
қарттар күнінде зейнеткерлерге – 500 теңге, мерейтой күнінде 80-ге толғандарға – 5 000 теңге, 100-ге толғандарға - 10 000 теңгеден (ауданның және қала ҰОС және еңбек ардагерлер Кеңесінің ұсынысы бойынша);
мүгедектер күніне мүгедектерге – 500 теңге (аудандық мүгедектер қоғамы, ауданның қаланың ҰОС және еңбек ардагерлер Кеңесінің, саңырау-мылқауларының қоғамының ұсынысы бойынша);
жаңа жылда жетімдерге, қорғаушысы бар балаларға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға бір айлық көрсеткіш көлемінде артық емес жаңа жылдық сыйлықтар табыс етіледі (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасының ұсынысы бойынша);
жергілікті бюджетке бөлінген қаражатқа байланысты комиссия шешімімен әлеуметтік көмек көлемі жоғары немесе төмен болуы мүмкін;

4 4) бір жылда бір рет туберкулезбен ауыратын азаматтарға құжаттарына және қосымша тамақтандыруға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем;

5 5) әлеуметтік көмек мүгедек балаларға, еңбек және соғыс ардагерлеріне, жалпы аурумен ауыратын І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерімен аз қамтылған отбасы балаларына шипажайларда емделу мен спорттық мәдени шараларға жолдама беру түрінде көрсетіледі;

6 6) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тісті тегін протездеуге қаражат бөлу;

7 7) әлеуметтік көмектің көлемі әр нақты оқиғада жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде сәйкес келетін қаржы жылына комиссиямен анықталады.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Действующая