Перейти к тексту документа

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Иной акт · № 7/84 · принят 14.08.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 14.08.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-41536/?version=41536_280170.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы Действует Иной акт ·№ 7/84 ·14.08.2009

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

ҚАЗАзаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Действует Иной акт ·№ 7/84 · принят 14.08.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Наименование (каз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
7/84
Дата принятия
14.08.2009
Показанная редакция
14.08.2009 · действующая 41536_280170.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
14.08.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08MG000016
Идентификатор ЭКБ
41536
Идентификатор редакции
41536_280170
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:32

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына

тұрғын үйді ұстауға және
пайдаланылған коммуналдық қызмет
төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек
көрсету Тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі» бекітілсін.

2 2. Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы №2/23 шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Ж.Тұманбаева
«14» тамыз 2008 жыл

4 Аудандық мәслихаттың

2008 жылғы 14 тамыздағы
№7/84 шешімімен бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және
пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге
әлеуметтік көмек көрсету
Тәртібі

1

1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.

3 3. Тұрғын үй көмегі Мұнайлы аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.

4 4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.

Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;

3 3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;

4 4) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;

5 5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.

6 6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.

7 7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.

8 8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуын Мұнайлы аудандық зейнетақы тағайындау орталығы жауаптылық тартады.