Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округіндегі «МАКС-А» шаруа қожалығына ветеринарлық шектеу қою туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округіндегі «МАКС-А» шаруа қожалығына ветеринарлық шектеу қою туралы
- Наименование (каз.)
- Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округіндегі «МАКС-А» шаруа қожалығына ветеринарлық шектеу қою туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 130
- Дата принятия
- 02.12.2008
- Показанная редакция
- 29.05.2009 · действующая 42680_190544.kaz
- Последнее изменение
- 29.05.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08VF000085
- Идентификатор ЭКБ
- 42680
- Идентификатор редакции
- 42680_190544
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 12:29
0 Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округіндегі «МАКС-А» шаруа қожалығына ветеринарлық шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18-тармақшасын және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округіне қарасты «МАКС-А» шаруа қожалығының иелігіндегі жер учаскесі құтыру ауруынан қолайсыз мекен деп жариялансын.
2 2. Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округіне қарасты «МАКС-А» шаруа қожалығының иелігіндегі жер учаскесі карантинді аймақ деп танылып, ветеринариялық шектеу қойылсын.
3 3. Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округінің әкіміне (А. Арғынгелдин) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
4
4. Аудандық аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторына (С. Докуртов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Б. Тлебалдин) (келісімі бойынша), аудандық ішкі істер бөліміне (С. Кайпеков) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.