Перейти к тексту документа

Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 96 · принят 23.12.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 18.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-43570/on/2026-08-18/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Утратил силу Иной акт ·№ 96 ·23.12.2008
Редакция от 10.12.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 18.08.2026: от 10.12.2009. Это последняя редакция в корпусе.

Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 96 · по состоянию на 18.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
96
Дата принятия
23.12.2008
Показанная редакция
10.12.2009 · действующая 43570_215292.kaz
Последнее изменение
10.12.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08LF000114
Идентификатор ЭКБ
43570
Идентификатор редакции
43570_215292
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:18

0 Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесі құрылсын.

2 2. "Жалағаш аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, " N 3 кәсіптік мектеп" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;

2 2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) медициналық комиссияны қажетті қызметкерлермен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Кент, ауылдық округі әкімдері және аудан бюджетінен қаржыландырылатын мектеп басшылары аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алуды жүргізуде көмек көрсетсін.

5 5. "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. "Қызылорда электр желісін тарату" акционерлік қоғамның Жалағаш филиалы (келісім бойынша), "Энергетик И ДАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі комиссиясының және медициналық комиссияның жұмыс уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне және аудандық емханаға электр жарығының үзілмей беріліп тұруына жәрдем көрсету ұсынылсын.

7 7. Жалағаш кент әкімі 2009 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін 4 адам санында жұмыссыз азаматтарды Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.

8 8. "Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін 15 күн мерзімде аудан әкіміне тіркеу қорытындылары жөнінде ақпарат беру ұсынылсын.

9

9. "Азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" Жалағаш ауданы әкімінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 48 шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 8 қаңтарда N 10-6-84 болып тіркелген, 2008 жылдың 12 қаңтарда N 4-5 (6623) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.

11 11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Действующая