Перейти к тексту документа

Аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде ветеринариялық режим белгілеу туралы

Постановление · № 523 · принят 26.12.2008
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 27.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-43710/on/2026-08-27/
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
Аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде ветеринариялық режим белгілеу туралы Утратил силу Постановление ·№ 523 ·26.12.2008
Редакция от 29.07.2013
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 27.08.2026: от 29.07.2013. Это последняя редакция в корпусе.

Аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде ветеринариялық режим белгілеу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 523 · по состоянию на 27.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде ветеринариялық режим белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде ветеринариялық режим белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
523
Дата принятия
26.12.2008
Дата введения в действие
01.03.2009
Показанная редакция
29.07.2013 · действующая AI43710_1.kaz
Последнее изменение
29.07.2013
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V08GH000074
Идентификатор ЭКБ
43710
Идентификатор редакции
AI43710_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:10

0 Аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде ветеринариялық режим белгілеу туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31 бабының 1 тармағы 18) тармақшасы негізінде аудан аумағындағы шаруашылық субъектісінде құтырма ауруының тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Құтырма ауруы тіркелген Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ қыстауының тұрғыны Петр Демченконың қора-жайына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

2

2. Жануарлар ауруларының таралуын болдырмау мақсатында «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жайлыбаевқа, «Жамбыл облысы әкімияты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Қазанғаповқа (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Атабаевқа (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 376 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Адамдар мен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурулардың (құтырма) алдын-алу және оларға қарсы күрес жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық ережесінен» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылдың 17 маусымында № 2365 нөмірімен тіркелген) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.

3 3. Осы қаулыны орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары М. Шүкеевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы әкімияты
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының Т. Рысқұлов
атындағы аудан бойынша бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қалдыбек Жақсылықұлы Қазанғапов
26 желтоқсан 2008 жыл
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Т. Рысқұлов
аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Бақберген Исабеков
26 желтоқсан 2008 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
«Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Шорабек Атабаев
26 желтоқсан 2008 жыл

Действующая