Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 16-180/IV
- Дата принятия
- 17.02.2009
- Показанная редакция
- 23.12.2014 · действующая AI44360_1.kaz
- Последнее изменение
- 23.12.2014
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09UJ000111
- Идентификатор ЭКБ
- 44360
- Идентификатор редакции
- AI44360_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:45
0 Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Сайрам ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 27-269/ІІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-32 тіркелген, 2008 жылғы 16 мамырда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімінің 2009 жылдың 1 қаңтарынан күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 17 желтоқсандағы
N 16-180/ІV шешіміне қосымша
N
Салық салу объектісінің атауы
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3