Перейти к тексту документа

Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы

Иной акт · № 126-23 · принят 18.02.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 26.03.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-44545/?version=AI44545_1.kaz
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 126-23 ·18.02.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы

ҚАЗҚапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 126-23 · принят 18.02.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
126-23
Дата принятия
18.02.2009
Показанная редакция
26.03.2009 · действующая AI44545_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
26.03.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DB000077
Идентификатор ЭКБ
44545
Идентификатор редакции
AI44545_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:44

0 Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 378, 379, 380, 381, 382, 384, 386, 387 баптарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жеке тұлғаларға өзіндік қосалқы үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора – қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық мөлшері өзгеріссіз және мынадай мөлшерде белгіленсін:

1 1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда – 0,01 гектар үшін 20 теңге;

2 2) көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшін 100 тенге.

2 2. Елді мекендердің тұрғын үй қоры орналасқан жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне шаққанда келесі мөлшерінде белгіленсін:

1 1) Қапшағай қаласы үшін 0,39 теңге сомасында;

2 2) Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендері үшін 0,09 теңге сомасында.

3 3. Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын үй іргесіндегі жер учаскелеріне базаның салық мөлшері өзгеріссіз және мынадай мөлшерде белгіленсін:

1 1) Қапшағай қаласы бойынша көлемі мың шаршы метрге дейін қоса алғанда – 1 шаршы метр үшін 0,20 тенге;

2 2) «Қарлығаш» және «Әсем – Тас» шағын аудандарын қоспағанда Қапшағай қаласы бойынша көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге;

3 3) Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендері бойынша көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;

4 4) Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендері бойынша көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңгеге дейін төмендету ретімен.

4

4. «Қарлығаш» және «Әсем тас» шағын аудандарының тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерге жататын үй іргесіндегі жер учаскелеріне 382 бап негізінде төмендету ретімен бір шаршы метр үшін келесідей базалық салық мөлшері, яғни:

1 1) Көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 0,50 теңге белгіленсін.

5

5. Кодекстің 381 бабымен белгіленген облыстық бағыныстағы қаланың базалық салық мөлшері 6,75 теңге, елді мекендердің жеріндегі ауылдардың мөлшері 0,48 болғанда (үй іргесіндегі жер учаскесін қоспағанда), бір шаршы метрге шаққанда 1,2 (+0,20,0%) түзету коэффициентін қолдану ретімен салық Кодексінің 387 бабы негізінде келесідей мөлшерде белгіленсін:

1 1) Қапшағай қаласы үшін 8,10 теңге;

2 2) Заречный және Шеңгелді ауылдық аймақтардың елді мекендері үшін 0,58 теңге.

6

6. Кодекстің 381 бабымен белгіленген облыстық бағыныстағы қаланың базалық салық мөлшері 6,75 теңге және елді мекендер шегінде орналасқан өнерксіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитарлық-қорғаныш, және өзге де өңірдегі үшін 0,48 теңге болғанда, бір шаршы метрге шаққанда 1,2 (+20,0%) түзету коэффициентін қолдану ретімен салық Кодексінің 387 бабы негізінде келесідей мөлшерде белгіленсін:

1 1) Қапшағай қаласының селитебті өңірі мен оның аумағынан тыс жерлер үшін 8,10 теңге;

2 2) Заречный және Шеңгелді ауылдық аймақтарының елді мекендерінің селитебті өңірлері мен оның аумағынан тыс жерлер үшін 0,58 теңге;

3 3) Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық аймақтарының елді мекендері, сондай-ақ Қапшағай су қоймасының жағалауының демалыс базалары, пансионаттар мен мәдени-сауықтыру және спорттық мақсаттағы объектілер үшін берілген жерлерге 8,10 теңге.

7 7. Кодекстің 381 және 386 баптарымен бір шаршы метр алаң үшін белгіленген базалық салық мөлшерін он есе 67,50 теңгеге дейін көбейтіліп, 387 бап негізінде 1,2 (+0,20% немесе 1,35 теңге) түзету коэффициентімен Қапшағай қаласы үшін 68,85 теңге мөлшерде белгіленсін, оның ішнде:

1 1) көліктерге май құю стансалары орналасқан жерлер;

2 2) автотұрақтар үшін бөлінген жерлер;

3 3) казиноларға бөлінген жерлер.

8

8. Салық Кодексінің 381 және 386 баптарымен бір шаршы метр алаң үшін белгіленген базалық салық мөлшері он есе 4,80 теңгеге дейін көбейтіліп, 387 бап негізінде 1,2 (+0,20% немесе 0,10 теңге) түзету коэффициентімен, Заречный және Шеңгелді ауылдық аймақтарының селолық округтері үшін 4,90 теңге мөлшерінде белгіленсін, оның ішінде:

1 1) көліктерге май құю стансалары орналасқан жерлер;

2 2) автотұрақтар үшін бөлінген жерлер;

9

9. Қапшағай қаласы әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2008 жылғы 12 қарашасында № 2-2-69 болып тіркелген және 2008 жылдың 13 қарашасында № 45 «Қапшағай» газетінде ресми жарияланған «Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің жерлеріне базалық салық мөлшерін белгілеу туралы» қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 15 қазандағы № 92-16 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.