Ойын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
ҚАЗОйын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ойын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Ойын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 71
- Дата принятия
- 28.01.2009
- Показанная редакция
- 24.04.2009 · действующая AI44589_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.04.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09CD000065
- Идентификатор ЭКБ
- 44589
- Идентификатор редакции
- AI44589_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:55
0 Ойын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 –ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бекітілген базалық ставкалар шегінде ойын бизнесі бойынша салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 26 желтоқсан 2006 жылғы сессиясында қабылданған, Байғанин аудандық әділет басқармасында 10 қаңтар 2007 жылы N 3-4-33 болып тіркелген, "Жем-Сағыз" газетінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N 4 санында жарияланған "Ойын ойнайтын арнаулы компьютердің жылдық тіркелген жиынтық ставкасын бекіту туралы" N 149 шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының төрағасы: Б. Турлыбаев
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
28 қаңтардағы N 71 шешіміне
ҚОСЫМША
Р/с
Салық салынатын объектілер
Ставкалар (айлық есептік көрсеткіштерде)
1
Ұтыссыз ойын автоматтары бір ойыншымен
6
2
Ұтыссыз ойын автоматтары бірнеше ойыншымен
8
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлер
4
4
Ойын жолы (боулинг бойынша)
10
5
Карт
5
6
Бильярд үстелі
10