Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы
Утратил силу
Постановление
·№ 23
·
по состоянию на 20.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 23
- Дата принятия
- 13.02.2009
- Показанная редакция
- 29.04.2009 · действующая AI44631_1.kaz
- Последнее изменение
- 29.04.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09CJ000099
- Идентификатор ЭКБ
- 44631
- Идентификатор редакции
- AI44631_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:46
0 Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінде ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2 2. Саркөл селолық округінің мемлекеттік малдәрігер инспекторы (А.Жалмағамбетов) Қопа елді мекенінде қарасан ауруы тіркелуіне байланысты ауру ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу шаралары алынсын.
3 3. Қарасан ауруы тіркелген ошақтарды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, мал иелерінің қора жайына залалсыздандыру өткелдері (дезбарьер) жасалсын.
4 4. Қопа елді мекенінен ірі қара мен қой малының қозғалысына, союға,сатуға, мал айырбастауға, мал араластыруға, көлемді мал азығының сыртқа тасымалына қатаң тиым салынатын болсын.
5 5. Аудандық ішкі істер бөліміне(А. Дәулетов)карантин режимібелгіленген елді мекенде малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Сатанова мен Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторы Р.Бектлеуовке жүктелсін.
7 7. Осы қаулы әділет орындарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Серікбаев