Перейти к тексту документа

Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы

Иной акт · № 11-116-IV · принят 16.02.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 22.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-44849/on/2026-08-22/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы Утратил силу Иной акт ·№ 11-116-IV ·16.02.2009
Редакция от 09.07.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 22.08.2026: от 09.07.2012. Это последняя редакция в корпусе.

Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 11-116-IV · по состоянию на 22.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
11-116-IV
Дата принятия
16.02.2009
Показанная редакция
09.07.2012 · действующая AI44849_2.kaz
Последнее изменение
09.07.2012
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09VR000076
Идентификатор ЭКБ
44849
Идентификатор редакции
AI44849_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:45

0 Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 7) тармақшасына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ұсынылып отырған «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауы» бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.

3 Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауы

Үржар аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 16 ақпандағы № 11-116-IV
шешімімен бекітілді
Жеке санаттағы азаматтарға материалдық
көмек ұсыну Нұсқауы

1

1. Осы нұсқау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-ші бабының 1 тармағының 7) тармақшасына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-4 Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1-ші тармағының 4) тармақшасын жүзеге асыруын бағыттап жасалған.

2 2. Жеке санаттағы азаматтарға төмендегідей азаматтар жатады:

1 1. Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.

2 2. Облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлер.

3 3. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.

4 4. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды. Ол үшін төмендегідей құжаттар ұсынылады:

1 1. Өтініш

2 2. Жеке куәлік

3 3. Дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындау жөніндегі шешімінің көшірмесі.

4 4. Азаматтарды тіркеу кітабы.

5 5. Банктегі жеке есеп-шоты.

6 6. Әлеуметтік көмек төлеу есептелген сомаларды алушының ағымдағы немесе жинақтаушы шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы жүргізіледі.

7

7. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша, қаржылық жылында осы мақсатқа қарастырылған тиісті облыстық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

8

8. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге (мекеме басшысының қолымен бекітілген тізіміне сәйкес) әлеуметтік көмек төлеуді бақылау, әр айдың 20 жұлдызында мемлекеттік төлеу орталығымен зейнеткерлердің тізімін сәйкестендіріп, есебін жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

Действующая