Перейти к тексту документа

Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Постановление · № 97 · принят 24.02.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 05.01.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-44873/?version=44873_184796.kaz
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Утратил силу Постановление ·№ 97 ·24.02.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

ҚАЗНұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Утратил силу Постановление ·№ 97 · принят 24.02.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы
Наименование (каз.)
Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
97
Дата принятия
24.02.2009
Показанная редакция
05.01.2010 · действующая 44873_184796.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
05.01.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09TH000146
Идентификатор ЭКБ
44873
Идентификатор редакции
44873_184796
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:41

0 Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2009 жылғы 24 ақпандағы № 31 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2009 жылғы 24 ақпандағы № 7 сараптамасы бойынша, Нұржау селолық округінің "Талды" елді мекенін тұрғыны Рысқалиев Мақсоттың өлген мысығы құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты "Талды" елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.

2 2. Нұржау селолық округінің "Талды" елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Нұржау селолық округ әкімі Ж. Ғұмаровқа, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), аудандық емхананың бас дәрігері Е. Қуановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалысы жөнінде ақпараттарды апта сайын аудандық ауыл шаруашылық бөліміне тапсыруды ұсынылсын.

5 5. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Куанов Е.: Аудандық емхананың бас дәрігері;
Сарбасов Ө.: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;
Утаров К.: Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы;
Сәлімғалиев С.: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы

6 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы

24 ақпандағы № 97 қаулысымен
бекітілген қосымша
Нұржау селолық округі бойынша жұқпалы ауруының тарап кетуін болдырмау іс–шаралары

Атқарылатын шаралардың мазмұны
Орындау  мерзімі
Орындалуына жауапты адамдар
1
Құтыру ауруы белгісі білінген малдарды, өртеп көмдіру, орнын залалсыздандыру, тексеру үшін зертханаға материалдарды жіберуді ұйымдастыру
Тұрақты
ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев /келісім бойынша/
2
Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру
Тұрақты
Аудандық емхананың бас дәрігері Е.Куанов /келісім бойынша/, аудандық мемлекттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы К.Утаров /келісім бойынша/
3
Елді мекендердегі жеке қожалықтардың малдарын, ит, мысықтарын құтыру ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру
Тұрақты
ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев /келісім бойынша/
4
Бірлескен түрде ауру ошағынан мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салу
Тұрақты
ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев /келісім бойынша/, аудандық ішкі істер бөлімі Ө.Сарбасов /келісім бойынша/, Нұржау селолық округ әкімі Ж.Ғұмаров