Базалық салық ставкаларын түзету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Базалық салық ставкаларын түзету туралы
- Наименование (каз.)
- Базалық салық ставкаларын түзету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 11/5-IV
- Дата принятия
- 13.02.2009
- Показанная редакция
- 13.02.2009 · действующая 45102_374478.kaz
- Последнее изменение
- 13.02.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09VJ000078
- Идентификатор ЭКБ
- 45102
- Идентификатор редакции
- 45102_374478
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:46
0 Базалық салық ставкаларын түзету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, Салық кодексінің 387 бабының 1 тармағына және Жарма ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № ОРН-4/379 ұсынысы негізінде Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы қабылданған № 99-IV Салық кодексіне байланысты осы Кодекстің 378, 379, 381, 383 бабтарына белгіленген "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" базалық салық ставкасы 30 пайызға, 379 бабында белгіленген "Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары", 381 бабында "Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары", 383 бабында "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне" белгіленген базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 4 сәуірдегі "Салық Кодексінің 329, 330, 332, 334 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" № 28-5 шешімі, (2003 жылы 30 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі № 1223 болып енгізілген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.