Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы

Постановление · № 191 · принят 02.03.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 23.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-45194/on/2026-08-23/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы Утратил силу Постановление ·№ 191 ·02.03.2009
Редакция от 21.10.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 23.08.2026: от 21.10.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы

Утратил силу Постановление ·№ 191 · по состоянию на 23.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
191
Дата принятия
02.03.2009
Показанная редакция
21.10.2011 · действующая AI45194_3.kaz
Последнее изменение
21.10.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09UK000098
Идентификатор ЭКБ
45194
Идентификатор редакции
AI45194_3
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:38

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1-тармақ 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18 бабының 4-тармағына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.

2 2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасын іске асыруды жүзеге асырсын.

3 3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi:

уәкілетті органда тіркелген, жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
осы мақсатқа әр жылға арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төленетін айлық жалақының ішінара төлемін өтесін.

4

4. Жергілікті атқарушы орган міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдар үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдардың айқындаған мөлшері екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.

5

5. "Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру Қағидасын бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 181 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-11-48 санмен тіркелген, "Сарыағаш" газетінің 2006 жылғы 7 мамырдағы санында жарияланған) күші жойылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Бижановқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң

2009 жылғы 2 наурыздағы
N 191 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы

1 1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға Уәкілетті органға өтінім тапсырады.

2

2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынадай талаптарды ескереді: еңбек ақы төлеу қабілеті, еңбек ақының уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі қаралады.

3

3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде Уәкілетті органмен келісім-шарт жасайды. Келісім шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемдері, түрлері, еңбек төлемдерінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындар мен бос орындарды пайдалануға болмайды.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі бір жылға дейін болады.

5 5. Уәкілетті орган қаражатты аударуды, жұмыс берушіге жұмыссызды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесінің және жұмыс уақытына есеп жүргізу табелі негізінде жүзеге асырады.

Действующая