Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу жүйесі туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу жүйесі туралы
- Наименование (каз.)
- Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу жүйесі туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 36
- Дата принятия
- 05.03.2009
- Показанная редакция
- 11.02.2013 · действующая 45547_181138.kaz
- Последнее изменение
- 11.02.2013
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09TD000132
- Идентификатор ЭКБ
- 45547
- Идентификатор редакции
- 45547_181138
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:36
0 Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 121-IV "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу төмендегіше мақұлдансын:
атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының жиынтық табысына қосалқы шаруашылығындағы 1 бас ірі қара (мүйізді ірі қара, түйе немесе жылқы), 5 бас қой-ешкіге дейінгі малдары, 20 басқа дейінгі үй құстары және аудан жерінің құнарсыз, топырағының тұзды болуына байланысты қолайсыз аймақтардың бірінен саналатындықтан, жер учаскелерінен түсетін түсім кірістік есепке алынбасын.