Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 111
- Дата принятия
- 25.03.2009
- Показанная редакция
- 18.03.2010 · действующая AI45855_1.kaz
- Последнее изменение
- 18.03.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09CI000098
- Идентификатор ЭКБ
- 45855
- Идентификатор редакции
- AI45855_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:32
0 Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2010.03.18 N 221 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
4 Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Шаңғұтов
Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 111 қаулысына
ҚОСЫМША
Жұмыс істеуге қабілеті бар мүгедектер үшін аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы
Р/с
Квота белгіленген мекеме, кәсіпорын атауы
Жұмыс істеушілер саны
Жұмыс орнының 3%
1.
"Октябрьмұнай" мұнай-газ өндіру басқармасы
240
7
2.
АҚ "Көктас"
334
10
3.
Қандыағаш вагон пайдалану депосы
300
9
4.
"Базальт-А" ЖШС
392
12
5.
"Силикат-А" ЖШС
209
6
6.
КТМ N 4
67
2
Барлығы
1542
46