Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 13/172
- Дата принятия
- 16.04.2009
- Показанная редакция
- 28.09.2010 · действующая 45894_162520.kaz
- Последнее изменение
- 28.09.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09KQ000073
- Идентификатор ЭКБ
- 45894
- Идентификатор редакции
- 45894_162520
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:23
0 Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мынандай әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен наградталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, "Ана даңқы" орденімен наградталған көп балалы аналарға және жүз жастан асқан аналарға;
2
2) 9-мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жесірлеріне, Ауған соғысына және Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандарға, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің әйелдеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткендерге, бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болғандарға;
3 3) Қарттар мен Мүгедектер күнін мерекелеуге байланысты I, II топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және тоқсан жастан асқан қарттарға, жалғызбасты қарттарға;
4 4) Жоғарғы немесе арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімін бітіріп, мамандығы бойынша аудан мекемелеріне тұрақты жұмысқа орналасқан жас мамандарға;
5
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, I, II топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, тоқсан жастан асқан қарттарға, Ауған соғысына және Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандарға, бейбіт уақытта әскери борышын өтеу кезінде мүгедек болғандарға Республикалық, облыстық және аудандық мерзімдік баспасөзғе жазылуға және бір жылға екі баспасөзден артық емес көлемде;