Перейти к тексту документа

Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Иной акт · № 14-29 · принят 28.04.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 27.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46030/on/2026-08-27/
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 14-29 ·28.04.2009
Редакция от 20.08.2015
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 27.08.2026: от 20.08.2015. Это последняя редакция в корпусе.

Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 14-29 · по состоянию на 27.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
14-29
Дата принятия
28.04.2009
Дата введения в действие
10.06.2009
Показанная редакция
20.08.2015 · действующая 46030_255311.kaz
Последнее изменение
20.08.2015
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09M0002047
Идентификатор ЭКБ
46030
Идентификатор редакции
46030_255311
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:12

0 Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қызметін Шу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. "Шу ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциз ставкасын белгілеу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-4 (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-28 тіркелген, 2006 жылдың 1 сәуір № 27 "Шу өңірі" газетінде жарияланған, "Шу ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциз ставкасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 35-2 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-53 тіркелген, 2007 жылдың 29 қыркүйекте № 85 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шу аудандық мәслихатының

2009 жылғы 28 сәуірдегі № 14-29
шешіміне қосымша
Қызметін Шу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет

Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Бильярд үстелі
3

Действующая