Перейти к тексту документа

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы

Постановление · № 13-7 · принят 24.04.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 27.07.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46081/?version=AI46081_1.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 13-7 ·24.04.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы

ҚАЗАзаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 13-7 · принят 24.04.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
13-7
Дата принятия
24.04.2009
Показанная редакция
27.07.2010 · действующая AI46081_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
27.07.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09VP000075
Идентификатор ЭКБ
46081
Идентификатор редакции
AI46081_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:17

0 Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының және Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 55, 56 баптарының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы бекітілсін.

2 2. Аудандық мәслихаттың «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 қазандағы № 8-7 шешімнің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығы

Тарбағатай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 сәуірдегі
№ 13-7 шешімімен бекітілді
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету Нұсқаулығы
Осы Нұсқаулық Тарбағатай ауданының аумағындағы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді белгілейді.

1 1. Жалпы ереже

1

1. Аудан көлеміндегі әрбір ауыл округінде тұратын соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің үйін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қаржылай көмек сұрап берген өтінішке сәйкес әрбір ауыл округі әкімдерінің аудан әкіміне қаржы бөлдіруге жазған ұсынысы негізінде соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің үйлерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінеді.

2 2. Әлеуметтік  көмек тағайындау

1 1. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің үйлерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлуге қажетті құжаттар:

- Соғысқа қатысушы немесе соғыс мүгедегінің ауыл, кент округі әкіміне үйін ағымдағы жөндеуден өткізу жөніндегі өтініші.
- Ақаулығы жөнінде акт.
- Ауыл, кент округі әкімдерінің соғысқа қатысушы немесе соғыс мүгедегінің үйін ағымдағы жөндеуге қаржы бөлдірту туралы аудан әкіміне ұсынысы.

2

2. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің үйлерін ағымдағы жөндеуге қаржы сұрауға үміттенген адам (бұдан әрі өтініш беруші) жазбаша өтініш беріп, аталған көмекті алу құқығын растайтын құжаттарды ұсынады. Учаскелік комиссия қажет болғанда отбасының көмекті алу құқығы немесе бас тарту және мөлшері жөніндегі қорытынды шығарады. Құжаттар Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.

3 3. Материалдық көмекті төлеу

1 1. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі және өтініш берушілердің жеке шоттарына түседі.

2 2. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерінің үйлерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бөлінген қаржыны тарату аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық «Казпочта» ашық акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.