Перейти к тексту документа

Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 102 · принят 19.05.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 22.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46265/on/2026-08-22/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 102 ·19.05.2009
Редакция от 12.01.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 22.08.2026: от 12.01.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 102 · по состоянию на 22.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
102
Дата принятия
19.05.2009
Показанная редакция
12.01.2011 · действующая AI46265_1.kaz
Последнее изменение
12.01.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09DN000075
Идентификатор ЭКБ
46265
Идентификатор редакции
AI46265_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:03

0 Көксу ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабындағы 5-тармақтың 5-4)-тармақшасына, 18-1-бабына сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыруға уәкілетті орган болып саналсын.

3 3. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова);

1 1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;

2 2) 2009 жылға арналған ауданның бюджетінде көрсетілген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері келісім-шарт негізінде екінші банк деңгейіндегі жұмыс берушілердің есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын;

4 4. "Көксу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Серік Сапарұлы Нұрмұхамбетов) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.

5

5. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 401 (Көксу ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 28 қаңтар күні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2-14-51 болып енгізілген, 2008 жылы 8 ақпан күні N 6 (4368) "Көксу таңы" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Көксу ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 19 мамырдағы
"Көксу ауданында әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
туралы" N 102 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді таңдау тәртібі.
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жасалған.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Тәртіпте қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) жұмыссыздар – жұмысы, табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісіп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар;

2 2) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында белгіленген адамдар топтары;

3 3) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;

4 4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Тәртіп өтініш білдірген нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жұмыс берушілерді таңдау тәртібін, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерін, жұмыс берушілермен келісім-шарт жасауды анықтайды.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Еңбек, зейнетақымен қамту және әлеуметтік сақтандыру туралы заңдары өз күшін сақтайды.

2 2. Жұмыс берушімен жасалынатын келісім-шартта көрсетілетін негізгі талаптар

4 4. Жұмыс берушілермен келісім-шарт жасау "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.

5 5. Келісім-шартта көрсетілетін негізгі талаптар:

1 1) жұмыс түрі және мерзімі;

2 2) көлемі;

3 3) мөлшері;

4 4) еңбекақы төлеу шарттары;

5 5) қаржыландыру көздері.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарында істейтін нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жеке еңбек шартында белгіленген атқарылған жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты төленеді.

7 7. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары аудандық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

Действующая