Перейти к тексту документа

Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Постановление · № 161 · принят 28.04.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 23.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46350/on/2026-08-23/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы Утратил силу Постановление ·№ 161 ·28.04.2009
Редакция от 04.04.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 23.08.2026: от 04.04.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 161 · по состоянию на 23.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
161
Дата принятия
28.04.2009
Дата введения в действие
14.03.2009
Показанная редакция
04.04.2011 · действующая AI46350_1.kaz
Последнее изменение
04.04.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09GD000074
Идентификатор ЭКБ
46350
Идентификатор редакции
AI46350_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:12

0 Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан аумағындағы шаруашылық субьектілері иелігіндегі уақ малдар арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Жуалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 229 ұсынысына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жуалы ауданының Ақсай, Мыңбұлақ, Ақтөбе, Қызыларық, Қарасаз, Нұрлыкент ауылдық округтерінің уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

2

2. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті, Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Налековке (келісім бойынша) және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Қансейітұлына (келісім бойынша) ветеринариялық инспекторларымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту ұсынылсын.

3

3. «Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Құниязовқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығымен бекіткен «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруының алдын алу және күресу жөніндегі ветеринариялық – санитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық ережесінен» (Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігінде 2004 жылдың 9 желтоқсанында № 3252 нөмірімен мемлекеттік тіркеуге алынған) туындайтын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Уркумбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облысы
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Қансейітұлы
27 сәуір 2009 ж.
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті
Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция
подполковнигі
Б. Налеков
27 сәуір 2009 ж.

Действующая