Перейти к тексту документа

Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 169 · принят 25.05.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 22.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46355/on/2026-08-22/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 169 ·25.05.2009
Редакция от 14.03.2011
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 22.08.2026: от 14.03.2011. Это последняя редакция в корпусе.

Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 169 · по состоянию на 22.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
169
Дата принятия
25.05.2009
Показанная редакция
14.03.2011 · действующая AI46355_2.kaz
Последнее изменение
14.03.2011
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09UC000073
Идентификатор ЭКБ
46355
Идентификатор редакции
AI46355_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:02

0 Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2009 жылғы 11 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарын бекіту туралы" N 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Кәсіптік лицей, колледж және жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмыссыз жүрген бітірушілерге (бұдан әрі - Бітірушілер) кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - Жұмыс беруші) жастар тағылымдамасы ұйымдастырылсын және өткізілсін.

2 2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:

1 1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілі және дағдының болмауы.

Уәкілетті орган:

1 1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;

2 2) Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;

3 3) жұмыссыз Бітірушіге жастар тағылымдамасында қатысу үшін жолдама береді;

4 4) Бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.

Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданатын жұмыссыз Бітірушілердің саны жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
Келісім-шарт кемінде 6 ай мерзімге жасалады.

4 4. Жұмыс беруші:

1 1) жастар тағылымдамасынан өтуі үшін Уәкілетті орган жолдаған Бітірушімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;

2 2) жастар тағлымдамасы аясында әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайының жасалуын қамтамасыз етіледі;

3 3) жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актіні жүргізіп, әр айдың 25 – ші жұлдызында Уәкілетті органға өткізеді;

4 4) жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні тағылымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;

5 5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушінің тұрақты жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босағаны жайлы Уәкілетті органды 3 күн ішінде хабардар етеді;

6 6) еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жұмыссызға жастар тағылымдамасына қатысқаны туралы пікір (ұсыныс хат) береді.

5 5. Уәкілетті орган жұмыс берушімен түзілген келісім шартты, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда бұзуына құқығы бар.

6 6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.

7 7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы ай сайын бюджетте қаралған қаржы шегінде уәкілетті органмен төленеді.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қонысовқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Действующая