Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 169
- Дата принятия
- 25.05.2009
- Показанная редакция
- 14.03.2011 · действующая AI46355_2.kaz
- Последнее изменение
- 14.03.2011
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09UC000073
- Идентификатор ЭКБ
- 46355
- Идентификатор редакции
- AI46355_2
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:02
0 Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2009 жылғы 11 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс шаралар жоспарын бекіту туралы" N 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кәсіптік лицей, колледж және жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмыссыз жүрген бітірушілерге (бұдан әрі - Бітірушілер) кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - Жұмыс беруші) жастар тағылымдамасы ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2 2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:
1 1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2 2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілі және дағдының болмауы.
Уәкілетті орган:
1 1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
2 2) Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;
3 3) жұмыссыз Бітірушіге жастар тағылымдамасында қатысу үшін жолдама береді;
4 4) Бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданатын жұмыссыз Бітірушілердің саны жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
Келісім-шарт кемінде 6 ай мерзімге жасалады.