Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз камтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз камтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
- Наименование (каз.)
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз камтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 467
- Дата принятия
- 29.05.2009
- Показанная редакция
- 15.04.2014 · действующая AI46403_1.kaz
- Последнее изменение
- 15.04.2014
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09DB000084
- Идентификатор ЭКБ
- 46403
- Идентификатор редакции
- AI46403_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:00
0 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз камтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабындағы, 1 тармақтың 14 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылыққа, халықтық қол өнерді дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіби дайындықтан өткендерге (бұдан әрі әлеуметтік көмек) 150 000 теңгеден 200 000 (жүз елу мың теңгеден екі жүз мың) теңге мөлшеріне дейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілу қамтамасыз етілсін.
2
2. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық және селолық округтердің учаскелік комиссияларына алынатын қаржыны қай мақсатқа пайдаланатының, қызметінің түрлері, сондай- ақ есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер) өтінішінің негізінде және келесі құжаттармен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушының тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төлеуін қамтамасыз етсін:
1 1)халықтық қол өнерді дамытуға, жеке меншік іс ашу үшін негізделген есеп (бизнес - жоспар). Кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесі және үлгерім деңгейі мен бизнес- жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысы;
2 2)«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік көмек алушы және учаскелік комиссияның төрағасының арасындағы үш жақты келісім.
3
3)«Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалалық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін қамтамасыз етсін.