Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 468
- Дата принятия
- 29.05.2009
- Показанная редакция
- 15.04.2014 · действующая AI46404_1.kaz
- Последнее изменение
- 15.04.2014
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09DB000085
- Идентификатор ЭКБ
- 46404
- Идентификатор редакции
- AI46404_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:00
0 Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабындағы, 1 тармақтың 14 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі- бір жолғы әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезіндегі есептік көрсеткіштің 10 - еселеген мөлшерінде берілуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Егер қайтыс болған адам, сол уақытта кез-келген меншіктегі кәсіпорындарда еңбектік қатынастарда тұрған болған болса, ал жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімдерде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, отбасының табысына қарамастан бір жолғы әлеуметтік көмек тиісті жағдайлар болған кезден бастап, 3 ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша берілуі белгіленсін.
3
3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқада мекемелер) өтініші бойынша және келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін: