Перейти к тексту документа

Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 237 · принят 18.05.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 16.02.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46418/?version=AI46418_2.kaz
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 237 ·18.05.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗЖоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 237 · принят 18.05.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
237
Дата принятия
18.05.2009
Показанная редакция
16.02.2011 · действующая AI46418_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
16.02.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09UB000073
Идентификатор ЭКБ
46418
Идентификатор редакции
AI46418_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:04

0 Жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің

бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, "Мемлекеттік басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан-жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы Жарлығына, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс–шаралар жоспарын бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс–шараларын кеңейту мақсатында Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай–Жұмыс беруші) жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне оқуды бітірген, жұмыспен қамтылған (әрі қарай–Бітіруші) жастар тағлымдамасын ұйымдастыру және өткізуді.

2 2. Бітірушілер үшін жастар тағлымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:

1 1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған бітірушілердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;

2 2) бітірушілердің алған мамандықтары бойынша еңбек өтілінің болмауы.

3 3. Уәкілетті орган:

1 1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және бітірушілер үшін жастар тағлымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;

2 2) жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағлымдамасына қатысу үшін жұмыссыз бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізеді;

3 3) жұмыссыз бітірушіге жастар тағлымдамасына қатысу үшін жолдама береді;

4 4) оқу орындарын бітірген жұмыссыз бітірушілерге жастар тағлымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.

Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағлымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
Келісім-шарт 6 айға дейін жасалады.

4 4. Жұмыс беруші:

1 1) жастар тағлымдамасына өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;

2 2) жастар тағлымдамасы аясында әр бір жұмыс орында қауіпсіздік жағдайы жасалуын қамтамасыз етеді;

3 3) жастар тағлымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25–не дейін Уәкілетті органға өткізеді;

4 4) жастар тағлымдамасына жолданған Бітірушіні тағлымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;

5 5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді;

6 6) еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жұмыссызға жастар тағлымдамасына қатысу туралы пікір (ұсыным хат) береді.

5 5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім–шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес келген жағдайларда бұзуына құқығы бар.

6 6. Жастар тағлымдамасын өткізу жөніндегі іс–шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.

7

7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын" қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.
Жастар тағлымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы Бітірушінің есеп шотына аудару арқылы жүргізіледі.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Сұлтановқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.