Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 4178 · принят 13.06.2009
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 21.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46621/on/2026-08-21/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 4178 ·13.06.2009
Редакция от 01.01.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 21.08.2026: от 01.01.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 4178 · по состоянию на 21.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
4178
Дата принятия
13.06.2009
Показанная редакция
01.01.2010 · действующая AI46621_1.kaz
Последнее изменение
01.01.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09VM000060
Идентификатор ЭКБ
46621
Идентификатор редакции
AI46621_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:56

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II заңының 31 бабына, 1 тармағы, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабына, 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, «Мемлекеттік Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын іске асыру мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында нысаналы топтағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (ары қарай- әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда меншік түріне қарамастан 6 айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады (ары қарай жұмыс беруші).

3

3. Әлеуметтік жұмыс орнын құру «Катонқарағай ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен (бұдан әрі – Бөлім) жұмыс беруші арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарттың мазмұнында екі жақтың  міндетті, қызмет түрі, жұмыстың көлемі, еңбек ақысының мөлшері және көлемі, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру мерзімі мен оның көздері көрсетілуі қажет.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топтағы азаматтардың орташа еңбекақысы 30000 теңгені құрайды, оның ішінде 15000 теңгесі республикалық бюджеттен, ал 15000 теңгесі жұмыс берушінің есебінен төленеді.

5 5. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан азамат пен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.

6 6. Әлеуметтік жұмыс орынның ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуі бойынша кезектілік тәртібінде жүргізіледі.

7 7. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 4121, 4122 қаулыларының күші жойылсын.

8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 9. Осы қаулының жүзеге орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің      орынбасары Б. Рақышеваға жүктелсін.

Действующая