Перейти к тексту документа

Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 09/06 · принят 29.05.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 29.05.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46764/?version=46764_162542.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Действует Постановление ·№ 09/06 ·29.05.2009

Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗМақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Действует Постановление ·№ 09/06 · принят 29.05.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
09/06
Дата принятия
29.05.2009
Показанная редакция
29.05.2009 · действующая 46764_162542.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.05.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09KP000046
Идентификатор ЭКБ
46764
Идентификатор редакции
46764_162542
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:59

0 Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 13 тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 4-5 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары мақсатты әлеуметтік топтар үшін ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға жергілікті бюджет есебінен айлық төлем 15 мың теңге көлемінде бекітілсін.

4 4. "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ахметбеков А.М.) мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тапсырылсын.

5

5. "Ұлытау ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Шайхин Т.З.) 2009 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаржылардан және облыстық бюджеттің нысаналы трансферттерінен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген мақсатты топтағы жұмыссыздардың еңбек ақысын қаржыландыруын қамтамасыз ету тапсырылсын.

6 6. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі әрі 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

8 Ұлытау ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 29 мамырдағы
N 09/06 қаулысымен
бекітілген
Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

1 1. Жұмыс беруші уәкілетті орган "Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс береді.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу кезінде уәкілетті орган төмендегі талаптарды ескеруі тиіс: мекеменің төлем төлеуге қабілеттілігін, айлық жалақының уақытылы төленуін, жұмыс орнының қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестігін, мекемеде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарының сақталуын етеді.

3

3. Жұмыс беруші уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін келісім-шартқа отырады. Келісім-шартта жақтардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемдері, айлық жалақының көлемі мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен уақыты, жіберілетін жұмыссыздар көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады, оның ұйымдастырылуына тұрақты бос жұмыс орындары қолданылмайды.

4 4. Уәкілетті орган мақсатты топтағы жұмыссыздарға, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұру үшін жолдама береді.

5 5. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа қабылдайды, келісім-шартқа отырады, қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келетін жұмыс орындарын ұсынады. Әлеуметтік жұмыс орнындарында жұмыссыздарды жұмыспен қамту мерзімі 6 (алты) айға дейін рұқсат етіледі.

6

6. Жұмыс беруші жалақы төлеу шығындарының орнын толтыру үшін әр айдың 20-шы жұлдызына дейін уәкілетті органға белгіленген тәртіпке сәйкес мына мәліметтерді: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзінді, жұмыс уақыты табелі, әлеуметтік жұмысқа қабылданған жұмыскерлер жөніндегі есепті, орындалған жұмыс актісін жолдап отырады.

7 7. Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу туралы осы тәртібінің орындалысына бақылау жасау уәкілетті органға жүктеледі.