Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 1223 · принят 08.06.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 12.05.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46766/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 1223 ·08.06.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 1223 · принят 08.06.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
1223
Дата принятия
08.06.2009
Показанная редакция
12.05.2010 · действующая AI46766_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.05.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09VN000085
Идентификатор ЭКБ
46766
Идентификатор редакции
AI46766_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:57

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4) тармағына, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасының, 37 бабының 8 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мақсатты топтардан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады (бұдан әрі – жұмыс беруші).

4

4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.

5 5. «Жол картасы» шеңберінде нысаналы топтардан азаматтардың еңбек ақы төлемі айына 30,0 мың теңгеден кем болмауы тиіс; 15,0 мың теңге республикалық бюджет қаражатынан және жұмыс беруші есебінен 15,0 мың теңге.

6 6. Жұмыс шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан, нысаналы топтағы азамат пен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.

7 7. Жұмыс берушілердің тапсырыстарын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т. Мысаев) қабылдауды ұйымдастырсын. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезектілік тәртібімен және мүмкіндігінше ресми ұсыныс түскен жағдайда жасалынады.

8 8. Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы «Жастар іс-тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтары туралы» № 1188 қаулысы жойылды деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.

10 10. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.