Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 1223
- Дата принятия
- 08.06.2009
- Показанная редакция
- 12.05.2010 · действующая AI46766_1.kaz
- Последнее изменение
- 12.05.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09VN000085
- Идентификатор ЭКБ
- 46766
- Идентификатор редакции
- AI46766_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:57
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4) тармағына, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасының, 37 бабының 8 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мақсатты топтардан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады (бұдан әрі – жұмыс беруші).
4
4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.