Перейти к тексту документа

Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Постановление · № 394 · принят 23.07.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.11.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-47626/?version=47626_217050.kaz
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы Утратил силу Постановление ·№ 394 ·23.07.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

ҚАЗПанфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Утратил силу Постановление ·№ 394 · принят 23.07.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Наименование (каз.)
Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
394
Дата принятия
23.07.2009
Показанная редакция
28.11.2011 · действующая 47626_217050.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.11.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DP000093
Идентификатор ЭКБ
47626
Идентификатор редакции
47626_217050
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:43

0 Панфилов ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабының 4-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Азат Жапарұлы Жақыбай) өкілеттік берілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Панфилов ауданы әкімдігінің

2009 жылғы "23" шілдедегі
"Панфилов ауданы бойынша
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі
туралы" N 394 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (әрі қарай – Тәртіп) Қазақстан Республикасының Заңдармен нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында дайындалған.

2 2. Осы Тәртіп өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын, жеке қаржыландыруын аңықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары таратылады.

2 2. Жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі ерекшеліктер бойынша іріктеледі:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арналуы тиіс;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс;

3 3) жұмыс берушілердің жұмысты жартылай жұмыс күнін пайдалану арқылы немесе ыңғайлы кесте бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;

4 4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.

5

5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемелекеттік мекемесімен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері көрсетілген келісім шарт жасайды.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға еңбек заңдылықтарын сақтай отырып, еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты еңбек ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.

7 7. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары Панфилов аудандық бюджетінде қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды бақылау

8 8. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруды бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.