Перейти к тексту документа

Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы

Иной акт · № 9-76 · принят 08.09.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 08.09.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-48037/?version=AI48037_0.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы Действует Иной акт ·№ 9-76 ·08.09.2009

Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы

ҚАЗБелбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы

Действует Иной акт ·№ 9-76 · принят 08.09.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы
Наименование (каз.)
Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
9-76
Дата принятия
08.09.2009
Показанная редакция
08.09.2009 · действующая AI48037_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
08.09.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DRB00091
Идентификатор ЭКБ
48037
Идентификатор редакции
AI48037_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:26

0 Белбұлақ ауылдық округіне қарасты жаңа құрылыс жерлерінде жаңадан көше

атауларын беру мен елді мекендердегі көше атауларын өзгерту туралы
Белбұлақ ауылдық округінің 15 маусым 2009 жылы өткен тұрғындар жиналысының шешімін ескере отырып Қазақстан Республикасының «Әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабын және Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 бабын басшылыққа ала отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ қабылдады:

1 1. Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік ауылдарының жанындағы бөлінген жаңа құрылыс жерлерінің көшелеріне жаңадан еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге еңбек сіңірген азаматтардың аттары төмендегідей берілсін:

1 1) Белбұлақ ауылындағы жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге:

1-ші көшеге – «Ахмет Байтұрсынов» көшесі;
2-ші көшеге - «Шәкәрім» көшесі;
3-ші көшеге - «Біржан сал» көшесі;
4-ші көшеге – «Ақан сері» көшесі;
5-ші көшеге – «Сүгір» көшесі;
6-шы көшеге – «Керей хан» көшесі;
7-ші көшеге – «Шәкен Айманов» көшесі;
8-ші көшеге – «Нұрғиса Тілендиев» көшесі;
9-шы көшеге – «Ахмет Жұбанов» көшесі;
10-шы көшеге – «Алатау» көшесі;
11-ші көшеге – «Бұқар жырау» көшесі;
12-ші көшеге –«Дәулеткерей» көшесі

2 2) Бірлік ауылының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі жаңа көшелерге:

1-ші көшеге – «Балуан Шолақ» көшесі;
2-ші көшеге – «Шәмші Қалдаяқов» көшесі;
3-ші көшеге – «Бикен Римова» көшесі.

3 3) Талдыбұлақ аулының жаңа құрылыс жерлеріндегі төменгі көшелерге

1-ші көшеге – «Латиф Хамиди» көшесі;
2-ші көшеге – «Дина Нүрпейісова» көшесі;
3-ші көшеге – «Ұлытау» көшесі.

2 2. Белбұлақ ауылының бұрынғы көшелерінің қазіргі атауы өзгертіліп төмендегідей жаңадан атау берілсін:

«Ворошилов» көшесі «Абай» көшесі деп;
«Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесі деп;
«Мичурин» көшесі «Қ.Әбдіғұлов» көшесі деп ауыстырылсын.

3 3. Белбұлақ, Бірлік, Талдыбұлақ ауылдарының Алматы-Талғар трассасының бойында орналасқан «Шоссейная» көшелері «Жібек-Жолы» болып бір атауға ауыстырылсын

4 4. Бірлік ауылының жаңа құрылыс жеріндегі «А.Күздеубаев көшесі» деп аталып жүрген көше осы шешіммен заңдастырылсын.

5 5. Округке қарасты елді мекендердегі жаңа құрылыс жерлеріндегі жаңадан ат берілген көшелерде орналасқан үйлерге жаңа номерлер берілсін.

6 6. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімінің орынбасары Б.Сеитоваға жүктелсін.