Перейти к тексту документа

Махамбет ауданы Бейбарыс селосы шекарасын өзгерту туралы

Постановление · № 181 · принят 10.09.2009
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 17.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-48146/on/2026-08-17/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Махамбет ауданы Бейбарыс селосы шекарасын өзгерту туралы Действует Постановление ·№ 181 ·10.09.2009
Редакция от 10.09.2009
Редакция, действовавшая на 17.08.2026: от 10.09.2009. Это последняя редакция в корпусе.

Махамбет ауданы Бейбарыс селосы шекарасын өзгерту туралы

Действует Постановление ·№ 181 · по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Махамбет ауданы Бейбарыс селосы шекарасын өзгерту туралы
Наименование (каз.)
Махамбет ауданы Бейбарыс селосы шекарасын өзгерту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
181
Дата принятия
10.09.2009
Показанная редакция
10.09.2009 · действующая 48146_180194.kaz
Последнее изменение
10.09.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09TC000127
Идентификатор ЭКБ
48146
Идентификатор редакции
48146_180194
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:26

0 Махамбет ауданы Бейбарыс селосы шекарасын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 5, 12-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Жер Кодексінің 19, 108, 109-баптарына сай Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Первомайский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы көлемі 20,0 гектар, оның ішінде суармалы жайылым 20,0 гектар жер телімі Бейбарыс селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне берілуіне байланысты және қосымшадағы Бейбарыс селолық округі елді мекенінің шекарасын өзгерту туралы жерге орналастыру жобасына сәйкес Бейбарыс селолық округі елді мекенінің шекарасы өзгертілсін.

2

2. Бейбарыс елді мекенінің аумағын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында жалпы көлемі 20,0 гектар, оның ішінде суармалы жайылым 20,0 гектар жер телімі "Первомайский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жерінен алынып, Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратының құзыретіне пайдалануға берілсін.

3 3. Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратына жерді Бейбарыс елді мекенінің бас жоспарына, жоспарлау мен құрылыс салу жобасына және аумақтық жер – шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдалану міндеттелсін.

4 4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

5 5. Осы шешім мен қаулының көшірмесі Бейбарыс селолық округі әкімі аппаратына, аудандық жер қатынастары бөліміне, аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жіберілсін.

Действующая