Перейти к тексту документа

Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Постановление · № 235 · принят 07.10.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.01.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-48295/?version=AI48295_1.kaz
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Шектеу іс-шараларын енгізу туралы Утратил силу Постановление ·№ 235 ·07.10.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

ҚАЗШектеу іс-шараларын енгізу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 235 · принят 07.10.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Наименование (каз.)
Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
235
Дата принятия
07.10.2009
Показанная редакция
28.01.2010 · действующая AI48295_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.01.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09ZM000111
Идентификатор ЭКБ
48295
Идентификатор редакции
AI48295_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:18

0 Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 343 ұсынысына сәйкес, бруцелез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын пастереллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ірі қара малы арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты Қызылкөл селолық округінің Қызылтал жайлауы аумағына шектеу іс-шаралары енгізілсін.

2

2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қызылкөл селолық округ әкімімен, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесімен және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Байменовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.