Перейти к тексту документа

Көшелерге атау беру туралы

Иной акт · № 10 · принят 16.09.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 20.02.2015
https://adilet.kz/ru/laws/doc-48349/?version=48349_7278.kaz
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Көшелерге атау беру туралы Действует Иной акт ·№ 10 ·16.09.2009

Көшелерге атау беру туралы

ҚАЗКөшелерге атау беру туралы

Действует Иной акт ·№ 10 · принят 16.09.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Көшелерге атау беру туралы
Наименование (каз.)
Көшелерге атау беру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
10
Дата принятия
16.09.2009
Показанная редакция
20.02.2015 · действующая 48349_7278.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.02.2015
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09CEA00104
Идентификатор ЭКБ
48349
Идентификатор редакции
48349_7278
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:24

0 Көшелерге атау беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35–бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және 16 бабына, сәйкес және Аманкөл ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Құтикөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Құтикөл ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:

1 1) Есен Игібаев – 1904 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Бірінші көшеге есімі берілсін.

2 2) Нұртияқ Жаманшин - 1891 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған. 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Екінші көшеге есімі берілсін.

3 3) Әмірхан Барысбаев – 1896 жылы туған Коминтерн колхозының басқармасы болған. 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Үшінші көшеге есімі берілсін.

4 4) Пішен Төрегелдин - 1875 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Төртінші көшеге есімі берілсін.

5 5) Оңғар Райымбаев – 1891 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған.1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Бесінші көшеге есімі берілсін.

6 6) Төлеу Манасов - 1927 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған.1949 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Алтыншы көшеге есімі берілсін.

7 7) Шүлтік Жоланов - 1904 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған. 1949 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Жетінші көшеге есімі берілсін.

8 8) Әлішбек Шахин - 1893 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған.1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Сегізінші көшеге есімі берілсін.

2 2. Аманкөл ауылдық округінің Аманкөл ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:

1 1) Тел Жаманмұрынов – 1888 жылы туған. Мемлекет қайраткері, 1918 жылы Ырғыз уезі атқару комитетінің төрағасы қызметінен бастап, 1937 жылға дейін Қазақстан Республикасының әртүрлі жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған. Бірінші көшеге есімі берілсін.

2 2) Зарлық Қалиев – 1934 жылы туған. «Ленин» орденді Ырғыз совхозының аға шопаны болған. Екінші көшеге есімі берілсін.

3 3) Айқын Қантайұлы – 1916 жылдары Ұлтазаттық көтерліс басшысы болған. Халық батыры атанған, елге силы адам болған. Үшінші көшеге есімі берілсін.

4 4) Бақберген Ақдәулетұлы – 1892 жылы туған. Адам жанына шипа болған жан «Бақберген ата» атанып, халық сүйіспеншілігіне бөленген, сынықшы-емші болған. Төртінші көшеге есімі берілсін.

3 3. Аманкөл ауылдық округінің Жарма ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:

1 1) Төлеу Манасов - 1927 жылы туған Коминтерн колхозында шопан болған. 1949 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Бірінші көшеге есімі берілсін.

2 2) Нұртияқ Жаманшин - 1891 жылы туған Коминтерн колхозында жылқышы болған. 1948 жылы Еңбек Ері атағы берілген. Екінші көшеге есімі берілсін.

4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.