Карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 244
- Дата принятия
- 26.10.2009
- Показанная редакция
- 11.12.2009 · действующая AI48636_1.kaz
- Последнее изменение
- 11.12.2009
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09ZM000115
- Идентификатор ЭКБ
- 48636
- Идентификатор редакции
- AI48636_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:10
0 Карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2009 жылғы 21 қазандағы N 428 ұсынысына сәйкес, қарасан ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын қарасан ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ірі қара малы арасында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты Қызылкөл селолық округінің Қопа жайлауы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгіленсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қызылкөл селолық округ әкімімен, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесімен және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).