Перейти к тексту документа

Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы

Иной акт · № 16-17 · принят 29.10.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 29.10.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-48879/?version=48879_182798.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы Действует Иной акт ·№ 16-17 ·29.10.2009

Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы

ҚАЗЖамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы

Действует Иной акт ·№ 16-17 · принят 29.10.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы
Наименование (каз.)
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
16-17
Дата принятия
29.10.2009
Дата введения в действие
14.12.2009
Показанная редакция
29.10.2009 · действующая 48879_182798.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.10.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09G0001733
Идентификатор ЭКБ
48879
Идентификатор редакции
48879_182798
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:07

0 Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі

Жамбыл облыстық мәслихатының
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 16-17 шешіміне қосымша
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі

1 1. Жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстары (жиындары) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің белгіленген шекаралары шегінде елді мекендерде өткізіледі.

2 2. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтетін күні мен орны жөнінде жергілікті қоғамдастықтың мүшелеріне, жиналыстың (жиынның) басталуына 10 күнтізбелік күн қалғанда хабардар етіледі.

3 3. Жиналыстар (жиындар) басталар алдында, жиналысқа қатысушылардың тікелей ұсынған кандидатураларынан, жиналысқа қатысушы мүшелердің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауысымен төраға және хатшы сайланады.

4 4. Жиналыстың (жиынның) күн тәртібі түскен ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады және қатысушылардың көпшілік дауысымен бекітіледі.

5 5. Жиналысқа (жиынға) қатысушылар оның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, олар хаттамамен рәсімделеді.

6 6. Жергілікті қоғамдастықтар жиналыстарының (жиындарының) шешімдері ашық дауыспен, жиналысқа (жиынға) қатысушы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданады.

7 7. Жергілікті қоғамдастық қызметіне қатысты басқа да мәселелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен реттеледі.