Перейти к тексту документа

Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы

Постановление · № 268 · принят 12.11.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 12.11.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-49221/?version=49221_185236.kaz
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы Действует Постановление ·№ 268 ·12.11.2009

Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы

ҚАЗЖарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы

Действует Постановление ·№ 268 · принят 12.11.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы
Наименование (каз.)
Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
268
Дата принятия
12.11.2009
Показанная редакция
12.11.2009 · действующая 49221_185236.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.11.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09TF000091
Идентификатор ЭКБ
49221
Идентификатор редакции
49221_185236
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:02

0 Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруына қарсы карантин қою туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстық зертхананың 10 қараша 2009 жылғы № 72 сараптау актісінде көрсетілгендей қарасан ауруының қоздырғышы табылуына байланысты Жарсуат селолық округі таза емес деп жарияланып, карантин қойылсын.

2 2. Жарсуат ауылдық округінде қарасан ауруының алдын–алу шаралары мақсатында Жарсуат ауылдық округінің әкіміне және аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) төмендегі шараларды іске асыру тапсырылсын:

1 1) мал қорамдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны      қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;

2 2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;

3 3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;

4 4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тыйым салу;

5 5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау;

6 6) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі қара малды қарасанға қарсы вакцинамен егу;

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сәрсенғалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он           күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.